Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР БАЯНАУЫЛДА ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

23.06.2022

ППУ Жаратылыстану жоғары мектебіне қарасты география-тарих мамандығының 2 курс студенттері 15-21 шілде аралығында Баянауыл ауданында тәжірибеден өтіп келді. Оқу тәжірибесі мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Торайғыр көліне жақын аумақта болды. Онда студенттер топографиялық түсірілімдер жүргізу, ауа-райын бақылау әдістемелері, геологиялық объектілерді зерттеу, тау жыныстары мен минералдардың үлгілерін іріктеу, геоморфологиялық процестерді бақылау, су объектілеріне гидрометриялық жұмыстарды жүргізу, топырақ қимасын түсіру және топрықтың негізгі қасиеттерін анықтау, туристік құрал жабдықтарды пайдалану секілді әдістерді меңгерді.

Сонымен қатар Баянауыл ауданы аумағындағы туристік аймақтарға саяхаттап, экскурсия ұйымдастырды: Яғни, Кемпіртас, Біржанкөл, Сувенир кен орны, Қоңыр әулие үңгірі, Жасыбай курорттық зонасы секілді тарихи орындарды аралауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, Ақбеттау шыңын бағындырып, ерекше әсерге бөленді.

Студенттер кешкі уақытта камералдық жұмыстар атқарып, күнделіктерін толтырып отырды.

Студенттердің қызықты практикадан өтуіне мүмкіндік тудырған ППУ басқарма төрағасы-Ректор Ж.О.Жилбаевқа, практика бөлімінің меңгерушісі М.А.Байтанаеваға және практика жетекшілері Ә.Қ.Елемесов пен М.Қ. Омаровқа үлкен алғысымызды білдіреміз.