Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР АРНАЙЫ МЕКТЕПКЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

15.11.2024

Педагогика жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысы Жанкуразова Асемнің жетекшілігімен СП-41 және СП-42 топтары Павлодар қаласының №7 облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатына экскурсия жасады. Шара 14 қараша Халықаралық логопедтер күніне орай және «Сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасау технологиялары» пәні аясында ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында мектеп-интернат басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарсенова Гульфия Фархатовна студенттерді тифлосыныптармен таныстырды. Көздері мүлдем көрмейтін балалар Брайль қарпімен оқытылса, нашар көретін балалар арнайы ережелерге сай оқытылады.
Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады. Тифлосыныптар арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған: әр түрлі дисплейлер, оқу машинасы, баспа машинкасы, лупалар, принтерлер, кеңістікте әлеуметтік бағдарлауды үйретуге арналған құралдар және т.б.
Көздері нашар көретін балалар мектеп-интернатта оқып қана қоймай, түрлі қалалық және республикалық сайыстар мен спорттық жарыстарға да белсене қатысады.
Сонымен қатар, студенттер бірқатар мамандарға - психолог, логопед, дефектологтарға өздерінің сұрақтарын қойды, пікір алмасты.
Павлодар қаласының №7 облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты ұжымына көп жылғы ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз.