Перейти к содержимому страницы.

Студенттер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

16.08.2021

Биылғы оқу жылынан бастап студенттер университет қабырғасына – дәстүрлі оқыту форматына қайта оралмақ. Осыған орай бүгін проректорлар Е.В.Игнатова, О.К. Андрющенко, жоғары мектеп декандары В.Н. Алиясова, К.М. Текжанов,         К.С. Ерғалиев, В.И. Лебедева және жастар саясаты департаментінің өкілдері М.Ш. Кусманова, А.Б. Жүсіпбаевтар студенттерге түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

ЖОО-лар мен колледждерді офлайн режимге көшіру кезінде вакцинациялаудан өту басты назарда болады. Бұл студенттердің сабаққа қатысуы үшін тікелей фактор. Корпусқа кіру "Ashyq" жүйесі бойынша жүзеге асырылады. ЖОО корпустары мен аудиторияларында білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

Студенттер үйіне орналасу вакцинация туралы төлқұжатқа сай жүргізіледі.  Ал тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар тұлғаларға, кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге немесе соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырып жазылған адамдарға вакцина салдыру талап етілмейді. Жатақхана негізінен жетім балаларға, мүгедектерге, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға және алыс аймақтардан келген 1-2 курс студенттеріне беріледі. Жатақханаға тұруға өтініштер онлайн режимде 25 тамыздан бастап қабылданады. Орналасу 28 тамыздан басталады.

raziyasnitelnaya

raziyasnitelnaya2

raziyasnitelnaya3

raziyasnitelnaya4

raziyasnitelnaya5

raziyasnitelnaya6