Перейти к содержимому страницы.

ППУ СТУДЕНТІ - ЕҚЫҰ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

30.03.2022

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Аяна Умирова «Көптілді және көпмәдениетті білім беру – бейбіт және тұрақты даму жолы» атты өңірлік дидактикалық-әдістемелік әзірлемелер байқауында I-орынды жеңіп алды.

Аяна «Көптілді және көпмәдениетті білім беру бағдарламасы аясында сыныптан тыс жұмыстарды әдістемелік әзірлеме» номинациясы бойынша үздік жұмысты ұсынды.

Жобаның ғылыми жетекшісі «Тарих» Білім беру бағдарламасының педагог-сарапшысы Тохметова Гүлнар Мәсенқызы.

ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариаттың Орталық Азия білім беру бағдарламасы ұйымдастырған байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия елдерінен оқытушылар мен ғалымдар қатысты.

Аяна мен Гүлнәр Мәсенқызын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта табыс тілейміз!