«ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
22.04.2022
Студенттік ғылыми жобалардың халықаралық байқауының қорытындысы бойынша "Педагогика және психология" ББ студенті Бейсембаева Меруерт алтын медальмен марапатталды.
Халықаралық студенттер қауымдастығы және “Бөбек” Жалпыұлттық қозғалыс қауымдастығының қолдауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің дарынды студенттерінің кітабын шығару,а бағытталған «ТМД-ның үздік студенті» байқау жобасын өткізді.
Бұл халықаралық байқау жобасының негізгі мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің ең үздік маңызды және инновациялық зерттеулерін анықтау, ғылыми қызығушылықтарды ілгерілету, ғылым мен білімнің дамуы үшін ортақ біріктіруші алаң құру. ТМД студенттері арасында берік ынтымақтастықты қалыптастыру.
Студент Меруерт Бейсембаеваның «Қазақстандық мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін психологиялық-педагогикалық құралдар мен эстетикалық тәрбие арқылы дамыту (бейнелеу іс-әрекетінің материалы бойынша)» атты ғылыми-зерттеу жобасы ф.ғ.д., Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушы-зерттеуші Бауыржан Абылайұлы Нурумовтың ғылыми жетекшілігімен жүзеге асты.
Бейсембаева М.С. халықаралық сараптамалық конкурстық комиссия көптеген елдерден жіберілген студенттердің ең үздік ғылыми жұмыстарының бірі ретінде бағаланды және ТМД дарынды студенттерінің халықаралық кітап басылымына енгізілді (eLIBRARY.RU (НЭБиблиотека) сайтында орналастыру).
Бұл байқауға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасының және т.б. жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Бейсембаева Меруертті және ғылыми жетекшісі Бауыржан Абылайұлы Нурумовты Халықаралық студенттік ғылыми жобалар байқауында жеңіп алған I-орын және «ТМД үздік студенті» медалімен (2022 ж.) құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен ғылыми жетістіктер тілейміз!