Перейти к содержимому страницы.

БІЗДІҢ СТУДЕНТ ЖАУЫНГЕРЛІК САМБОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КҮМІС ЖЕҢІМПАЗЫ!

26.05.2022

Жоғары өнер және спорт мектебінің ДШжС-22 тобының студенті Бекзат Әділбеков жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

23-25 мамыр аралығында Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Бекзат Әділбековтың айтуынша, ол жекпе-жек самбосынан Қазақстан чемпионатына дайындықсыз қатысты, өйткені осы уақытқа дейін тек спорттық самбо түрімен айналысып келген. Бұл Бекзат үшін жауынгерлік спорт түрінде алғашқы жарыс болды. Жарыс барысында ол 4 келі салмағы жетіспеседе, 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ірі спортшыларға қарсы өнер көрсетті. Бекзат жарыстарға қатысу үшін өте үлкен – 100 келіден асатын салмақтан арылған қарсыластарынан әлдеқайда кішкентай болды.

Бекзат финалға шығу үшін қостанайлық спортшы, Ішкі істер министрлігі академиясының курсантымен күш сынасты. Бекзат соғу техникасы бойынша қарсыласынан төмен болғандықтан, қашықтықты қысқартып, күрес әдістері бойынша жеңіске жетуге мәжбүр болды. "Самбошының негізгі әдістерін қолдана отырып, мен оны 2 минут 50 секундта "8:0 " есебімен жеңіп, финалға шықтым. Сол күні 4 сағаттан кейін мен Шымкенттің спортшысымен кілемге шықтым. Ол да "соққыш" болып шықты. Менің палуан екенімді біліп, арақашықтықты сақтады. Соның салдарынан соққыларда оған жол беруге мәжбүр болдым", - дейді Бекзат.

Барлық қиындықтарға қарамастан, Бекзат нағыз спортшыға тән қасиеттерді көрсетіп, екінші орынды иеленді. Сонымен қатар спорт шеберіне үміткер нормативін де орындап шықты. Спортшыны жарысқа жаттықтырушы Рүстем Жанғожинов дайындады. Жекпе-жек өнерінің жаңа түріне шығып, бірден Республика чемпионатының күміс жүлдегері атану – тамаша нәтиже! Бекзат пен оның бапкерін шын жүректен құттықтаймыз. Оларға алдағы уақытта да спорттық жетістіктер тілейміз!