Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТЕР ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

17.02.2023

"Шет тілі: екі шет тілі" ББ ғылыми-педагогикалық қызметінің бағыттарының бірі - университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін кеңейту. Сондай-ақ ғылым-білімнің сабақтастығы қағидатын қамтамасыз ету, әртүрлі үйірмелерде білім алатын бастаушы зерттеушілерді тарту, тәлімгерлік ету және даярлау болды.
Осы аптада "Ғылыми дискурс" ғылыми-зерттеу үйірмесінің жұмыс жоспары аясында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің жетекші лингвист ғалымдарымен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған үйірменің жетекшісі профессор М.С.Құлахметова.
Білім алушылар филология ғылымдарының докторлары Гүлнәр Сүйінова мен Бекен Сағындықұлының ашық дәрістеріне қатысып, бастаушы зерттеушілер үшін ғылыми бағыттар мен еңбектер туралы білуге мүмкіндік алды. Ғалымдар мәдениетаралық коммуникация, этносаралық коммуникация саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің ерекшеліктері мен қиындықтарын көрнекі түрде ұсынды; білім алушылар ғылыми стиль ерекшелігінің кейбір аспектілерімен, дәйексөздің заманауи талаптарымен танысты, пікірталастарға қатысуға және сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
Ғалымдар мәдениетаралық коммуникация, этносаралық коммуникация саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің ерекшеліктері мен қиындықтарын көрнекі түрде ұсынды. Қатысушылар ғылыми стиль ерекшелігінің кейбір аспектілерімен, дәйексөздің заманауи талаптарымен танысты. Сонымен қатар, өздерін қызықтырған сұрақтарын да қойды.
Бүгінгі таңда АҚШ департаментінің Fulbright ETA бағдарламасы аясында Марғұлан университетінде жұмыс істейтін Эмили Рен Вашингтон университеттерінің бірінде зерттеу жазудағы практикалық тәжірибесімен бөлісті. Нәтижесінде білім алушылар қазақстандық ғылыми зерттеулердің негіздерін әлемдік ғылыми кеңістікпен қарқынды интеграциялайтынын түсінді.