"STEM DAY-2024" ОБЛЫСТЫҚ STEM-ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
16.05.2024
15 мамырда Margulan University базасында stem-жобалар конкурсы өтті. Оған 70 қатысушыдан тұратын 30-дан астам команда қатысты. Аталған іс-шараны Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен «STEM-білім берудің әмбебап педагогін даярлау» №AP13068252 гранттық ғылыми жобасы аясында Марғұлан университеті ұйымдастырды.
Конкурстың мақсаты - STEM-білім беру ерекшеліктерін оқушылар мен студенттерге түсіндіру, олардың ғылыми-зерттеу әлеуеті мен зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Конкурста STEM бағытындағы білім мен технологияларды пайдалана отырып әзірленген болашақтағы Павлодар экоаймағының дамуына елеулі үлес қосуға бағытталған (макет, құрастырым, объект, модель, бағдарламалық жасақтама) түрлі жобалар ұсынылды. Олардың арасында ақылды үйлер мен жылыжайлар, чат боттары, виртуалды шындық, 3D турлар, STEM бокстары және STEM бағытындағы әдістемелік құралдар болды.
Жобаларды көрсету 5 сағатқа созылды. Қазылар алқасының құрамы: Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы басшысының АКТ жөніндегі орынбасары Р.А. Сарсембаев, дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының оқытушы-зерттеушісі және STEM-жаттықтырушысы М.Н. Сағитова, университеттің профессор-оқытушылары Е.С. Габдуллин, Ф.А. Курабаева, Ж.Г. Муканова, А.К. Оспанова, А.Ж. Асаинова, Р.Н. Асылбаев, С. А. Поломарь.
Жеңімпаз атанған командалар:
1 орын –Schoo13ekb командасы («Екібастұз қ. білім беру бөлімінің № 13 жалпы орта білім беру мектебі» КММ) Каминский Александр. Ғылыми жетекшісі - Амренова Казине Уразалиевна.
1 орын –Roboheart командасы (Павлодар қ. № 2 ЖОМ) Ахметов Елнар, Айбекұлы Шахмардан. Ғылыми жетекшісі - Аушахманова Акбота Жанабаевна.
2 орын – Universe командасы («Железин ауданы білім беру бөлімінің № 2 жалпы орта білім беру мектебі»КММ) Проскурякова Екатерина. Ғылыми жетекшісі - Масягин Денис Владимирович.
2 орын – Энцелада командасы («Павлодар қ. № 21 жалпы орта білім беру мектебі» КММ) Сапаргалиев Чингиз, Турий-Ладыко Платон. Ғылыми жетекшісі - Каирденова Назгуль Алдонгаровна.
2 орын – AiDin командасы («Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОББМ») Малгельдинов Динмухаммед, Жамиева Айсана, Сансызбайқызы Нұрай. Ғылыми жетекшісі - Бектурова Салтанат Машкеновна.
2 орын – MaiTown командасы (Май ауданы, «Малайсары ЖОББМ») Ахметсапар Нұрасыл, Сипатилов Исмаил. Ғылыми жетекшісі - Жумабекова Гульден Сансызбаевна.
3 орын – Roboline8 командасы (дарынды балаларға арналған 8 лицей-гимназиясы) Сероокий Егор, Савоник Даниил. Ғылыми жетекшісі - Ахмедова Мунира Эркиновна.
3 орын – BlinkDev командасы (А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі) Мартынюк Игорь. Ғылыми жетекшісі - Антонова Алена Аркадьевна.
3 орын – «ROBOX» командасы (Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ЖОМ) Қадыр Ерболат, Ерсін Әбілмансұр, Мерболатова Зарема. Ғылыми жетекшісі - Бейсекова Динара Мерболатовна.
3 орын – Кибела командасы («Margulan University») Рябицкий Владислав, Симонович Диана. Ғылыми жетекшісі - Мухамедиева Кымбатша Мауленовна.
3 орын - Физикалық сарапшылар командасы («Margulan University») Ғосман Аршагүл, Амангельдинова Данагуль, Амандых Ләйлім, Бекет Динара. Ғылыми жетекшісі - Нургазинова Гульбаршын Шарапиденовна.
3 место - bio-technik командасы («Margulan University») Адамов Ильяс, Секен Алдияр.
Бағалы сыйлықтар ретінде жеңімпаздар ақшалай сертификаттар алды. Бас жүлде ретіндегі ректор гранттары келесі 11 сынып оқушыларына берілді:
- Есмағанбет Дариға Рустамқызы (М.Жүсіп атындағы ЖОМ), ғылыми жетекшісі - Серикбаев Алмас Сансызбаевич;
- Какимов Даниал Нуржанович (Мұхтар Әуезов атындағы ЖОМ), ғылыми жетекшісі - Хасымбекқызы Аякөз.