Перейти к содержимому страницы.

«STEM DAY – 2023» ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

21.04.2023

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде алғаш рет республикалық «STEM DAY – 2023» стем-жобалар конкурсы өтті. Конкурс STEM-білім беру арқылы мектеп оқушылары мен студенттердің ғылыми зерттеу әлеуетін және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Конкурс жаратылыстану жоғары мектебінің «Информатика» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен өтті. Жетекшісі – Қымбатша Мұхамедиева.
Байқауға Павлодар облысы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары, Павлодар облысы колледждері мен ЖОО-дарының 1-2 курс студенттері қатысты. Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларындағы ЖОО студенттері өз жұмыстарын онлайн режимде таныстырды. Байқаудың ашылу салтанатына жаартылыстану жоғары мектебінің деканы Ермек Ғабдуллин қатысып, барша жоба иелеріне сәттілік тіледі.

Конкурсқа қатысушылардың бірі - Май ауданы Малайсары орта мектебінің оқушылары Исмайл Сипатилов және Нұрасыл Ахметсапар. Олар заманауи қондырғылармен жабдықталған экологиялық таза ауыл құрастырып әкелді.

- Ауылдағы өзекті мәселелердің бірі – күл-қоқыстан арылту. Яғни, тұрмыстық қалдықтардың барлық түрін сұрыптауға арналған қондырғылар ойлап таптық. Сонымен қатар, сұрыпталған қалдықтарды қайта өңдейтін өндірістік аймақ бар. Онда көңді өңдеп, тыңатқышқа айналдыруға болады. Сонымен қатар, экологиялық спорт кешені де ауылдық жер үшін пайдасы мол жоба, - дейді оқушылрардың жетекшісі Гүлден Жұмабекова.
Конкурсқа жалпы 40-тан астам жұмыс қабылданды. Жаратылыстану жоғары мектебі «Информатика» білім беру бағдарламасының профессоры Әсен Асанбаевтың сөзінше, жобалардың қатарында қаржылай қолдау мәселесі шешілсе болашақта ғылыми айналымға енгізіп, іске асыруға болатын жұмыстар көп.

- Конкурсқа қатысушылардың дені экологияның зардабын азайтуға, жаңа технологияларды пайдалану, заманауи білім беру тақырыптары қамтылған. Маған ерекше ұнаған жобалардың бірі – экологиялық үй. Яғни, үйдің ауласынан бастап ішкі құрылысына дейінгі жабдықтар экологиялық таза өніммен құрастырылған. Жылыту құрылғысының өзін желдің және күннің энергиясынан алуға болады,-дейді.

Жобалардың көрсетілімі 6 сағатқа созылды. Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Е.Ш.Утюбаев, университеттің профессор-оқытушылары Е.С.Ғабдуллин, Ф.А.Құрабаева, Б.А. Байдалинова, А.К.Оспанова, А.Ж. Асамбаев, А.Ж.Асаинова, Р.Н.Асылбаев, С.А.Поломарь, А.К.Киреевадан құралған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.   

Байқау қорытындысы бойынша:

1 орын – Кибела командасы (Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған№1 мамандандырылған мектеп-лицейі, Рябицкий Владислав, Симонович Диана, ғылыми жетекшісі Ахметова Бакыт Абильдиновна);

KEREKU командасы (Павлодар қ. химия-биология бағытындағы НЗМ, Танат Алихан, Сәрсенбай Нұрсұлтан,  ғылыми жетекшілері Литвинова Ольга Владимировна, Кульжин Кайнар Нурланович).

2 орын – Eco-Project командасы (Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық  университеті, Бақытжан Жания, Баймбет Аяжан, ғылыми жетекшісі Мухамедиева Кымбатша Мауленовна);

Abay құрамасы (Абай атындағы ҚҰПУ, Аскарова Жанна, Джанбутаев Манас, ғылыми жетекшісі Сейдуәлі Қасым Болатұлы);

Clean Robots командасы (Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі, Кравчуков Александр, Бородулин Александр,  ғылыми жетекшілері Нургожина Жанара Оралбековна, Нургазинова Асемгуль Сагиденовна);

MaiTown командасы (Малайсары ЖОМ, Сипатилов Исмаил, Ахметсапар Нұрасыл ғылыми жетекшісі Жумабекова Гульден Сансызбаевна);

3 орын – Велопаркинг командасы (Халықаралық  Астана университеті, Тағай Ақжүніс, Ораз Жанерке, ғылыми жетекшісі Жаныс Арай Бошанқызы);

Аграрка командасы (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті, Сагандыков Салауат, Нұрбақыт Риза, ғылыми жетекшісі Найзағараева Ақгүл Аманжоловна);

Октябрь ЖОМ командасы (Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің Октябрь ЖОМ, Рыкунов Владислав, Масалимова Аружан,  ғылыми жетекшісі Иванов Вячеслав Вячеславович);

Eco-Nutsya командасы (Ақпараттық технологиялар колледжі, Огнев Савелий, Ахметжанов Мадияр, ғылыми жетекшісі Қимадиден Гүлайым Ақихатқызы);

Netherite командасы («Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі, Айдарбеков Ансар, Жұмабай Төрехан, ғылыми жетекшісі Шайхимов Айдар Абылаевич);

VR Tech командасы (Екібастұз қ. №13 ЖОМ, Каминский Александр,  ғылыми жетекшісі Амренова Казине Уразалиевна).

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар ретінде планшеттер, смарт динамиктер және смарт сағаттар берілді.

Бас жүлдеге берілген ректор грантын Black Cumin (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернаты, Туленов Нурмухамед,  Исамбаев Таир, ғылыми жетекшісі Ералин Айбат Мейрамбекович) командасы жеңіп алды.