Перейти к содержимому страницы.

ҰСТАЗДАРЫМЫЗ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

07.02.2022

Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебінің базасында өткен Ата-аналар форумына қатысты.

Павлодар облысының білім басқармасы, Ақсу қаласының білім бөлімі және «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен форумға Педагогика жоғары мектебінің ғылым және интернационалдандыру жөніндегі деканының орынбасары Алтынай Қанатқызы Мурзатаева және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы Басхан Жанерке Дәулетханқызы.

Форумның басты мақсаты – ата-ана тарапынан балаға психологиялық қолдау көрсету, бала тәрбиесінде туындайтын қиындықтарды жеңу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Кездесу барысында ата-аналар мен балалар арасында тығыз және сенімді байланыс орнату мәселелері талқыланды. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға және баланы жарқын болашаққа бағдарлауға ерекше көңіл бөлінді.

Мурзатаева А.Қ. және Басхан Ж.Д. жоғарыда аталған тақырыптар бойынша танымдық баяндамалар жасады. Сонымен қатар, университет оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді, педагогикалық мамандыққа түсудің артықшылықтары туралы айтты. Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар мен тиісті ұсыныстарды ала алды.