Перейти к содержимому страницы.

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ

06.06.2022

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінің ұйымдастыруымен профессорлық-оқытушы құрамының біліктілігін арттыруға бағыттағлан «Білім берудегі көшбасшылық» курсы басталды. Курстың ашылу рәсіміне Назарбаев университетінің оқытушылары, сарапшылары және ғалымдары қатысты. Курстың ашылуына Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Жанбол Жилбаев ZOOM платформасы арқылы қатысып, сөз сөйледі.

- Бүгін біз «Білім берудегі көшбасшылық» жаһандық курсын ашып отырмыз және бұл оқиға Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері үшін үлкен маңызға ие. Біздің университет алғашқылардың бірі болып Назарбаев Университетінің тәжірибесін таратуды бастап, ЖОО құрылымын қайта жобалауды жүзеге асырды. Студентке бағдарланған оқытуға толық көшу, барлық білім беру бағдарламаларының мазмұнын, бағалаудың әдістері мен нысандарын қайта қарау үшін керек. Сол секілді инклюзивтік тәсілді есепке алу және өмір бойы оқуға бағдарлау қажет. 3 жыл бойы біздің университеттің педагогтары Назарбаев Университетінің тәжірибесін зерттеді және оны ЖОО-да көрсетті. Семинарларға, вебинарларға қатысты, білім беру бағдарламаларының инфрақұрылымы мен мазмұнын зерттеу үшін университетке барды, - деді Жанбол Октябрьұлы.

«Білім берудегі көшбасшылық» жаһандық курсы шілде айының 3-іне дейін жалғасады. Мұнда білім-ғылым саласындағы маңызды мәселелер талқыланады. Мысалы әр күн сайын «Корпоративтік және алқалық басқару», «Теңдік және әділеттілік, әртүрлілік және инклюзивтілік», «Коммерцияландыру жүйесін ұйымдастыру (НУ тәжірибесі)», «Жоғары білім беру мектебіндегі стратегиялық көшбасшылық және жоспарлау» тақырыптары талқыланады.