Перейти к содержимому страницы.

STARTUP ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

16.05.2022

ППУ стартап бизнес жобасының конкурсын жариялайды

Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы бизнеске бет бұрған жастарды қолдауға әзір. Осы ретте студенттер мен оқытушылар арасында ППУ стартап бизнес жобасының конкурсын жариялады. ППУ зерттеулерді қолдау департаментінің басшысы Бибінұр Байдалинова студенттермен кездесіп, аталған жобалар конкурсының талаптары мен шарттары туралы айтты.

Конкурсқа университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары, докторанттары қатыса алады. Конкурстың басты мақсаты –профессорлық-оқытушылық құрамның, жас ғалымдардың және студенттердің ғылыми-техникалық әзірлемелерін, инновациялық жобаларын қолдау. Сондай-ақ, жаңа технологиялар мен өнертабыстарды игеруге көмек беру.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 16 мамырдан бастап, 17 мамырда аяқталады. Жобаны іске асыру мерзімі – 18 ай. Жобаны жүзеге асыру үшін жас кәсіпкерлерге 2022 жылға 900 мың теңгеден артық емес, 2023 жылға 1 млн. 800 мың теңгеден артық емес қаражат бөлінеді. Дегенмен, инновациялық жобалар үшін бөлінген қаражат сұраусыз қалмайды. Грант иегерлері жобаның әрбір кезеңі үшін есеп беріп отыруы керек.