Перейти к содержимому страницы.

2022 ЖЫЛҒЫ «ЖАСЫЛ ЕЛ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСАҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

20.05.2022

Көп жылдар бойы Павлодар педагогикалық университетінің Margulan Centre базасы негізінде «Жасыл Ел» Павлодар штабының облыстық филиалымен бірлескен студенттік археологиялық отряд жұмыс істейді. Осы жылы жасақ құрамында ППУ Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттерінен басқа Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледжінің студенттері де қатысады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында дәстүрлі түрде археологиялық қазба жұмыстары Кенжекөл ауылдық округінде орналасқан Байдала қорымында басталды. Зерттеулердің  мақсаты Қимақ қағанаты кезеңінің ескерткіштері туралы жаңа ғылыми ақпарат алу және құрылыс жұмыстарының нәтижесінде жойылу қаупіне ұшыраған қимақтар қорғандарында қорғау жұмыстары бойынша зерттеулер жүргізу болып табылады.

Зерттеліп жатқан археологиялық ескерткіш - бұл қызықты құрылымдары мен эксклюзивті археологиялық материалдары бар қорғанды қорым. Сондықтан «Жасыл Ел» археологиялық отрядының жауынгерлері ежелгі бірегей артефактпен жанасуға және Павлодар Ертіс өңірінің тарихи және мәдени мұрасын зерттеуге және сақтауға өз үлестерін қосуға үлкен мүмкіндік алып отыр.

Біз 2022 жылғы дала маусымынан қызықты материалдар мен жаңа жаңалықтарды күтеміз!