«ҮЗДІК ПОДКАСТ» БАЙҚАУЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
05.05.2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауын ұйымдастырды.
Подкаст – ағылшын тілінен аударғанда Pod (Apple портативті ойнатқышы) және broadcasting (хабар тарату) деген екі сөзінен тұрады. Яғни кез келген адам жасаған аудио немесе бейне жазбаларды Веб 2.0 қызметінде көруге немесе тыңдауға болатын әлемдік желі. Байқауға Қазақстанның өңірлік және жекеменшік тіл орталықтарының, орта мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері, қазақ тіліне қызығушылық танытатын азаматтар қатысты.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша Павлодар педагогикалық университеті әкімшілік департаменті Құжат айналымы және бақылау бөлімінің мемлекеттік тіл жөніндегі маманы Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков және жаратылыстану жоғары мектебі химия білім беру бағдарламасының зертханашысы Светлана Александровна Поломарь жүлделі екінші орын алды. Әріптестерімізді аталған жетістіктерімен құттықтаймыз!
Осы орайда Светлана Александровнаның мемлекеттік тілде өтетін байқауға қатысу ынтасы мен дайындығының жоғары екенін атап өтпесек болмайды.
Бұл тек Павлодар педагогикалық университетіне ғана емес, сондай-ақ Павлодар облысы үшін үлкен мәртебе және мақтаныш.