СПОРТШЫЛАР КЛАССИКА ЖӘНЕ ЭКИПИРОВКАЛЫҚ ПАУЭРЛИФТИНГ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
10.04.2024
Өнер және спорт жоғары мектебі нің студенттері Марғұлан университетінің қоржынын жаңа кубоктармен толықтырды. Көкшетау қаласында өткен спорттық шараға оқытушы Ксения Окатенко және оның студенттері Вадим Плахотников, Руслан Кожевников, Сергей Нижегородов, Никита Лунев қатысты. Барлығы спорт шебері және спорт шеберіне үміткер санатындағы жастар.
Чемпионатқа еліміздің барлық аймақтарынан 600-ден астам спортшы келді. Мақсаты – 5-11 мамыр аралығында Гонконгта өтетін халықаралық Азия ойындарына іріктеу болды.
Жарыс нәтижесінде Ксения Окатенко мен студент Руслан Кожевников Азияға жолдаманы жеңіп алды. Вадим Плахотников классикалық пауэрлифтингтен ерлер арасында 74 келі салмақ дәрежесінде екінші орын алды. Айта кетейік, ол екі дүркін әлем рекордшысы, 2019 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.
18 жастағы Сергей Нижегородов ерлер арасында экипировкалық пауэрлифтингтен 83 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үшінші орын алды. Никита Лунев бірінші, екінші орынды және үшінші орындарды жеңіп алды.