«САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ АРУЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
22.05.2022
М.Қанапянов атындағы колледждің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты аруы» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – аты айтып тұрғандай салауатты өмір салтын қалыптастыру, студент жастарды өнерге және спортқа баулу. Бір сөзбен айтқанда жастардың бос уақыттарын тиімді өткізе отырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Байқауға колледждің студент қыздары қатысып, әртүрлі сала бойынша өз өнерлерін көрсетті. Яғни, өлең оқу, ән айту, би билеу сынды өнер көрсетті. Бірінші бөлімде «Байқауға қатысушының визиткасы», екінші бөлімде «Шығармашылық өнер», үшінші бөлімде «Үй тапсырмасын орындау» сынды сынақтардан өтті. Сонымен қатар, әртүрлі тақырыпта сұрақ-жауап сайысы да жүргізілді. Қатысушы студенттер барлығына нақты әрі сауатты жауап беруге тырысты.
Конкурс қорытындысы бойынша, Досахметова Алина «Салауатты өмір салты аруы», Михайлова Алина «Креативті ару», Сейсенбаева Адела «Қуатты ару» аталымдарымен марапатталса, басқалары белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.