Перейти к содержимому страницы.

«SNOWБӘЙГЕ-2022» ШАҢҒЫ СПОРТЫ МЕН ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР ЖАРЫСЫ

26.02.2022

 Өткен демалыс күндері «Зеленая роща» демалыс базасында Павлодар педагогикалық университетінің 60 жылдығына арналған ЖОО мен М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж студенттері арасында шаңғы спорты мен қысқы ойындардан «SnowБәйге-2022» жарысы өтті.

Спорттық бұқаралық шара бастауыш кәсіподақ ұйымының демеушілігімен Жастар саясаты мәселелері департаменті мен Жоғары өнер және спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Іс-шара шаңғы спортын дамыту, студенттерді белсенді дене шынықтыру мен спортқа баулу, спорттық дағдыларды жетілдіру және студенттердің денсаулығын нығайту, қысқы Универсиадаға қатысатын ұлттық құрама жасақтау мақсатында өткізілді.

Жарысқа университеттің жоғары оқу мектептерінің 1-3 курс студенттерінің құрама командалары мен М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж студенттерінің құрама командасы қатысты.

Әділ қазылар алқасы «Дене шынықтыру және спорт» ББ студенттері мен оқытушыларынан жасақталды. Бас төрешілер: Пантова Н.А., Солтанбеков С.Е., Молдакаримов С.Б., Божик Е.Ж.

Табиғат аясында, таза ауада өткен іс-шара жарқын флешмобпен басталды, барлық қатысушылар мен көрермендер жалынды әуенге биледі.

Байқау 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезең – жігіттер мен қыздар арасында шаңғы жарысы. Екінші кезең – эстафета: таяқпен шанамен сырғанау, тюбингпен жүру.

Сайыс қорытындысы бойынша I-командалық орынды Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебі жеңіп алды. Екінші орын – Жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі. Құрметті ІІІ орын – М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж командасы.

Қысқы эстафетада – I – жалпыкомандалық орынды Жоғары педагогика мектебі иеленді. ІІ орынды – М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж, ІІІ орынды – Жаратылыстану жоғары мектебі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты оқиғасы – жеңіске деген құштарлық пен эмоцияға толы арқан тартыс болды!

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Болат Құдайбергенұлы байқауды ұйымдастыруға атсалысқан барша әріптестері мен студенттерге алғысын білдірді. Бейресми жағдайда өткізілетін мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіруге, дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты оятуға мүмкіндік береді.

«Студенттер таза ауада көңілді де қызықты демалып, алдағы оқу жылына күш-қуат жинап алғанына қуаныштымыз», - деді ол.