Шілде айының үздік қызметкері анықталды
12.08.2021
Қызметкерлерді ынталандыру, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жауапкершілігі мен орындаушылық тәртібін арттыру мақсатында өткізілген "айдың үздік қызметкері" байқауының жеңімпазы анықталды.
Әкімшілік департаментінің құжат айналымы және бақылау бөлімінің маманы Мұқашева Бақытгүл Мәулітқызы Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м.а. О.К.Андрющенконың төрағалығымен өткен конкурстық комиссияның шешімімен 2021 жылдың шілде айында үздік қызметкер болып танылды. Комиссия қызметкердің орындаушылық тәртібін, еңбектегі ынтасы мен шешім қабылдаудағы жауапкершілігін атап өтті.
"Айдың үздік қызметкері" конкурсы қызметкерлердің жұмысын мадақтау, жұмысқа деген ынтасын көтермелеу мақсатында айына бір рет өткізіледі. Айдың үздік қызметкері белгіленген критерийлерге сәйкес университеттің әр құрылымдық бөлімшесінің үміткерлері арасынан қызметкердің еңбек жетістіктері, орындаушылық және жауапкершілік тәртібі, қоғамдық, шығармашылық және спорттық өмірге қатысу деңгейі бойынша анықталады.
Бақытгүл Мәулітқызын үздік қызметкер атануымен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!