Славян жазуы күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты
21.05.2021
Ресей халықтар достығы университеті, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының базасында дарынды жастарды қолдау мақсатында 2021 жылдың 20 мамырында Славян жазуы күніне арналған "Орыс тіліндегі әлемнің ұлттық бейнелері" атты жас зерттеушілер Дөңгелек үстелін өткізді.
Шараны Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті мен П.М. Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетінің филология факультеті бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл ауқымды жобаға 12 елдің жас зерттеушілері: Вьетнам, Түркия, Армения, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан және т.б. елдер қатысты. Дөңгелек үстелде ф.ғ.д. профессор Синячкин Владимир Павлович, ф.ғ.д. профессор Бахтикереева Ұлданай Максутовна құттықтау сөз сөйледі.
Шара барысында "Орыс тілі мен әдебиеті" ББ профессоры, ф.ғ.д. Темірғазина Зифа Қақбайқызының еңбегі ерекше атап өтілді. Доктор Синячкин Владимир Павловичтің айтуынша, "штаттан тыс сарапшы ретінде З.Какбаевнаның жұмысы жаңа зерттеулерге шабыттандырады және үлкен қызығушылық тудырады".
Дөңгелек үстелге "Орыс тілі мен әдебиеті" білім бағдарламасынан 1 курс магистранттары: Д.Х. Аринованың "Пандемия туралы жаңалықтардағы фрустрациялық стратегия тактикасы" және А.Б.Абуованың "Оқу бағдарламасы шеңберінде қазақ мектептерінің оқушыларына арналған стилистика бойынша тапсырмалар" атты екі баяндамасы ұсынылды. Баяндамалар сертификаттармен марапатталып, дөңгелек үстел материалдарының жинағына енгізілді.