ЕСІРТКІГЕ ЖОҚ ДЕҢІЗ!
23.02.2022
М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж студенттеріне есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері туралы айтылды.
Ведомствоаралық ынтымақтастық және нашақорлықтың алдын алу аясында «Есірткіге ЖОҚ деп айт!» ішкі істер органдарының қызметкерлері Павлодар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті. Студенттермен кездесуге Павлодар облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы полиция майоры Ирина Тимирғалиева келді.
Студенттерге есірткі және психотроптық заттарды қолданудың зияны мен қауіптілігі туралы айтылып, есірткі айналымы саласындағы заңсыз әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз таралуы туралы кез келген ақпараттың қаншалықты маңызды екеніне университет студенттерінің назарын аударды.
Профилактикалық әңгіме студенттерді бей-жай қалдырмады. Жастар есірткі бизнесіне қатысты жеке тәжірибеден жасалған қылмыстардың ашылуына қатысты сұрақтар қойды. Жиын барысында тұтыну мен таратудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы бейнероликтер көрсетілді.
Жиын соңында есірткі құралдарын өндіру, тарату және пайдалану фактілері туралы хабарлау үшін телефон нөмірлері, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін психологиялық көмек қызметінің телефондары берілді.