Перейти к содержимому страницы.

«ШЫНДЫҚ ДЕП ӨТКЕН ЖАН ЕДІ»

03.11.2022

Жерлес жазушымыз, драматург, әдебиет зерттеуші Зейін Шашкиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Шындық деп өткен жан еді» тақырыбында әдеби кеш өтті. Шара Павлодар педагогикалық университетінің Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана (№5 оқу залы) мен гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы студенттерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шараға БОПӘ-11қ, БОПӘ-11д, БОПӘ-22 және МБ-22 тобының студенттері белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты – Зейін Шашкиннің өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасау, көркем шығармаларын оқуды насихаттау, студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қолдау, қазақ халқының рухани мұрасын сақтау, адамгершілік-гуманистік тәрбиені дамыту, кітап арқылы жастарды тәрбиелеу.Әдеби кешті «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ-ның студенттері Амангелдинова Ақбота, Ажибаев Диас жүргізді. Кеш басталмас бұрын көрермендер Қазақстанның көрнекті жазушысына арналған «Зейін Шашкин – дарынды жазушы, еңсесі биік тұлға» атты кітап көрмесімен танысты. Ляхов Евгенийдің орындауындағы «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері көрерменнің жүрек түкпірінен орын алды. Оқырмандар арасында «LearningApps» әдісін қолдану арқылы «Әдеби өлкетану» атты шағын ойын өткізілді.

Кеш соңында, «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ оқытушысы, PhD доктор Сағынтаева Жұлдыз Қайратқызы әдеби кешке қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі.