СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ НЕГІЗДЕРІ
18.11.2022
Павлодар педагогикалық университетінің студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» тақырыбында лекция өтті. Лекцияны Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов жүргізді.
- Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы деп танылды. Бүкіл қоғамның, мемлекеттік органдардың, бизнестің, үкіметтік емес сектордың және жай ғана белсенді азаматтардың күш-жігерін біріктірмей сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Сондықтан бұл індетпен қоғам болып күресуіміз керек, - деді Мұратбек Жұмағалиұлы.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Спикердің сөзінше, тұжырымдаманың негізгі міндеттерінің бірі – құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру.