ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
10.02.2022
Павлодар педагогикалық университетінде Павлодар облысы Көші-қон полициясы басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Гомар Мадиевич Шабиденовпен онлайн кездесу өтті.
Кездесуге басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Б.С. Есенгельдин мен ғылым және интернационалдандыру жөніндегі вице-декандар, интернационалдандыру бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Ғомар Мәдиұлы рұқсатнама құжаттарын ресімдеу мерзімдерін сақтау және оларды бұзған жағдайда әкімшілік жаза қолданылатындығы, Қазақстан Республикасының аумағында болу және тұру ережелерін сақтау қажеттілігі туралы шетелдік студенттерге айтып берді.
Бауыржан Сатыбалдинович студенттерге көктемгі семестрде дәстүрлі форматта оқуға қайта оралу туралы хабарлады. Ол студенттік емханада студенттерді қайта вакциналау жүріп жатқанын еске салды.
Шетелдік студенттер тұрақты тұрғылықты жеріне шетелдік білім алушылардың уақытша шығу, тұруына және басқа да ықтиярхат ресімдеу мүмкіндігі туралы өздерін мазалайтын мәселелер бойынша сұрақтар қойды.