Перейти к содержимому страницы.

ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРДЫҢ ОНЛАЙН ДӘРІСІНЕ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ ҚАТЫСТЫ

30.03.2024

«Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының магистранттары, оқытушылар құрамы және студенттері педагогика ғылымдарының докторы, Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің профессоры Наталья Фоминыхтың «Шет тілдерін оқытуда нейрондық желілерді пайдалану» тақырыбындағы дәрісін тыңдады.

Онлайн дәріске қатысушылар осы университеттің цифрлық шет тілі білім беру ортасының педагогикалық дизайнымен, педагогикалық жобалаудың әдістемелік принциптерімен, соның ішінде нейрондық желілерді пайдалану арқылы шет тілі сабақтарындағы тапсырмаларды орындау тәсілімен танысты. Сонымен қатар, Марғұлан университетінің базасында цифрлық шет тілі ортасын құру мүмкіндіктері қосымша талқыланды.

Дәріс соңында Наталья Юрьевна қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, оқу процесінде нейрондық желілер мен жасанды интеллектті қолдану бойынша ұсыныстар берді.

Осы кездесу барысфнда профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетімен ынтымақтастық орнатуға ұсыныстар берілді. Айта кетейік, онлайн-дәрістің модераторы PhD, ГҒЖМ қауымдастырылған профессоры Шолпан Әлімова болды.