ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ
01.12.2022
Павлодар педагогикалық университетінде шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесудің модераторы – Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев болды.
Іс-шараға Рижск техникалық университетінің профессоры, PhD докторы Денисс Сцеуловс (Латвия), Токат Газиосманпаша университетінің өкілдері (Түркия) доцент Мертол Хусейн, профессор, PhD докторы Алпаслан Демир және профессор, PhD докторы Эмер Фарук Сонмез қатысты. Сондай-ақ, Ресейдің Уралск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары - биология ғылымдарының кандидаты, доцент, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Моисеева Людмила Владимировна және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сидоров Валерий Евгеньевич секілді т.б. танымал ғалымдар қатысты.
Кездесу барысында алты елдің ғалымдары бакалавриат және магистратура бойынша қос дипломды білім беруді дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар өткізу бойынша ынтымақтастық бойынша ұсыныстар қаралды. Бұл ретте әртүрлі семинарлар, іс-сапарлар, презентациялар, шеберлік сыныптар және басқа да тиімді жұмыстарды бірлесіп тақаруға болады