Перейти к содержимому страницы.

СЕРПІНДІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

24.11.2023

Бүгін Марғұлан Университетіне облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан келіп, «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті. Іс-шара ел Президентінің «Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны қолдану аясын, әсіресе ғылым мен білім беру саласында одан әрі кеңейту мүмкіндігін қарастыру» атты тапсырмасына орай ұйымдастырылды. Мақсаты – мемлекеттік тіл саясаты бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен оның болашағын қамтамасыз ету және ғылым мен білім беру саласында одан әрі кеңейту.
Бұл белгілі бір сценарий бойынша емес, еркін форматтағы жүздесу болғандықтан әртүрлі тақырыпта әңгіме айтылып, қонақтар да, студенттер де өз пікірлерін ортаға салды. Соның ішінде, мемлекеттік тілдің даму жағдайы, латын графикасына кезең-кезеңімен көшу мәселесі, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мен жаңғырту, қазақ тілінің ғылым, білім саласындағы рөлі және жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру сынды өзекті тақырыптар талқыланды. .
-Құрметті студенттер! Сіздерді алдарыңызда үлкен міндет күтіп тұр. Ең басты мақсаттарыңыз – ұрпақ тәрбиелеп, елге қызмет ету болуы керек. Сіздер мықты өнертапқыш болып, үлкен өндіріс аша алмауларыңыз мүмкін, бірақ болашақта сондай ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндіктеріңіз бар. Себебі, сіздердің мамандықтарыңыз ұстаз, ол ұлт тәрбиешісі деген сөз. Сондықтан, алдыңызға келген әрбір балаға біліммен қатар өзінің ұлтын шексіз сүйетіндей тәрбие берсеңіздер онда еңбектеріңіздің ақталғаны, - деді Медет Алпысбайұлы.