«СЕРПІН» бағдарламасы бойынша ППУ 200 грант бөлді
16.07.2021
"Серпін – 2050" бағдарламасы бойынша талапкерлерді тарту және оларға кеңес беру мақсатында Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері еліміздің оңтүстік өңірлеріне барып, кездесулер мен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Алдағы 2021-2022 оқу жылына "Серпін – 2050" бағдарламасы бойынша Павлодар педагогикалық университетіне 200-ден астам мемлекеттік грант бөлінді.
Сонымен қатар, университетке педагогикалық квота бойынша 300 грант бөлінді, сондай-ақ талапкерлер жалпы конкурс бойынша 7920 мемлекеттік грантқа үміткер бола алады.
Дұрыс таңдау жасаңыз! ППУ-ға түсіңіз! Сіздерді күтеміз!