Перейти к содержимому страницы.

«СЕРПІН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

18.04.2024

Марғұлан университетінің оқытушылары Жамбыл облысының Аса, Сарыкемер, Байзақ аудандарына барып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оңтүстік өңіріндегі мектеп түлектерімен кездесуге Г.К. Рақышев пен И.О.Сайфурова сынды оқытушылар барды.
Олар Аса ауылындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде, 1-орта мектепте, Б.Момышұлы атындағы мектепте болды. Сонымен қатар, Сарыкемер ауылындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-гимназиясында, Мұратбаев атындағы мектепте, №1 мектепте кездесу өткізді. Одан кейін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіне барып, колледж түлектерімен кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес өткізді.
Университет оқытушылары талапкерлерге Марғұлан университеті туралы бейнеролик көрсетіп, оқу орны туралы әңгімелеп берді. Студенттер де өз кезегінде мұнда оқытылатын мамандықтар туралы сұрақтарын қойып, жоғары оқу орнының мәдени өміріне қызығушылық танытты. Оқытушылар барша талапкерлерге ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, қалаған оқу орнына түсуге сәттілік тіледі.