ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛІ
05.04.2022
ДШжС-13 тобының студенті Баилдяшева Жәмила тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының біріншілігінде классика санаты бойынша II орынға ие болды.
Нұр-Сұлтан қаласында 17,19,21 жас аралығындағы жігіттер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жеке чемпионаты тоғызқұмалақтың үш түрі бойынша өткізілді: блиц (әрқайсысына 7 минут), рапид (әрқайсысына 25 минут), классикалық (әрқайсысы үшін 90 минут).
Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан 300-ге жуық спортшы қатысты.
Ойындар қорытындысы бойынша 19 жасқа дейінгі қыздар арасында классикалық тоғыз-құмалақтан Жәмила II-орынға ие болды.
Классикалық тоғызқұмалақ ойынының ең қиын түрі, өйткені ол спортшының ақыл-ойы мен қабілетін айқын көрсетеді.
- Қарсыластар мықты болғандықтан ойындар өте қиын әрі тартысты өтті. Классикада әр спортшыға бір жарым сағат беріледі, жалпы бір ойынды 3 сағат ойнаймыз. Бірнеше күн аралығында біз таңертең сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін бір ойын ойнадық, түстен кейін 15.00-18.00 арасында екінші ойын болды, - дейді Жәмила.
Жарқын, тартысты ойындардың нәтижесінде Жәмилә II-орынға ие болып, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жәмиланы шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да тек жеңістер тілейміз!