СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ
29.01.2021
Жаратылыстану жоғары мектебінің аға оқытушысы, биология ғылымдарының магистрі Т.В.Гаврилова "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінің интеграциясы" атты республикалық онлайн-семинардың спикері ретінде жұмыс істеді. Семинар "SANA" Зияткерлік орталығының білім беру порталы базасында "Жаратылыстану" білім беру саласы мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында негізгі құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған интеграцияланған сабақтарды, оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, кіріктірілген факультативтік курстар мен авторлық бағдарламаларды әзірлеу мәселелері талқыланды. Семинарға Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері қатысты.