СЕМИНАР: «БАЛАЛАР СУРЕТІНІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ»
18.11.2022
Түркияның Токат Газиосманпаша университетінің профессорлары Омер Фарук Сенмез және Хусейн Мертолдың семинарларының екінші күні.
Семинардың екінші күнінде "Балалар суреттерін психологиялық талдау" тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Мастер-класс барысында суреттердің адам өмірімен байланысы, пайдасы мен тарихы туралы ақпарат берілді. Баланың суреті оған өзінің ішкі болмысын көруге және болашағына жол ашуға көмектеседі. Семинар барысында сурет салудың негізгі кезеңдері, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын көрсететін мысалдар келтірілді.
Мастер-класс психологиялық тренингпен жалғасты. Тренинг аясында балалар кезеңін суреттер арқылы білдіру мысалдары көрсетілді, бірнеше студенттердің психологиялық жағдайына талдау мен сипаттама берілді.
Семинар аясында студенттер суреттер арқылы адамның психологиялық ерекшелігін зерттеуді үйренді. Студенттер жаңа білімдерімін бөлісіп жатқан ғалымдарға алғыстарын білдіреді!