Перейти к содержимому страницы.

ШЕБЕРЛІК СЫНЫП: "ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ"

24.01.2023

Павлодар қаласының №2 Жалпы орта мектебінде кәсіптік бағдар беру аясында «Көркем жұмыс, графика және дизайн» білім беру бағдарламасының оқытушылары педагогикалық сынып оқушыларымен шеберлік сабақтарын өткізді.

Цех меңгерушісі Сыдықов Мелжан Рахымсейітұлы, педагог-сарапшы Дәулетова Индира Ғаділбекқызы, өндірістік оқыту шеберлері Темірханова Маржан Серікқызы және Школьникова Валентина Александровна балаларды ағаш өңдеу, зергерлік бұйымдар жасаудың түрлі тәсілдерімен таныстырды.

Педагог-сарапшы Индира Дәулетованың айтуынша, оқушылар жұмысқа қызығушылықпен араласып, мұғалімдерге көптеген сұрақтар қойып, бір-біріне жұмыстарын қуанышпен көрсетті.

Балалар лазерлік машинада фанераға жағу техникасын қолданып магнит жасады. Көркем кескіндеме бойынша шеберлік сабағында оқушы қыздар ағаш қуыршақтарды безендірді.

Қуыршақтардың білім беру бағдарламасының студенттері токарлық станокта жасаған. Оқушы қыздарға қуыршақтарды бояумен безендіру қатты ұнады. «Қуыршақтарды бояумен безендіру өнер ғана емес, арт-терапия. Мұндай сабақтар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, үйлесімділікке, шығармашылық тұлғаның дамуына ықпал етеді. Ал түрлі реңктерді пайдалану оқушылардың қиялын дамытып, шығармашылық талғамын дамытады», – дейді Индира Ғаділбекқызы.

Шеберлік сабақтары аясында барлық қызығушылық танытқан оқушы қыздар бисермен кесте тігу және сәнді түйреуіш жасау дағдыларын меңгерді. Ал мектеп оқушылары арнайы дайындалған ағаш бұйымдарға көркем сурет салу әдістерін үйренді. Олар әдемі ою-өрнектерді бейнелеп, оларды арнайы пышақтармен және қашаумен ойды.