Перейти к содержимому страницы.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі оқыту семинарлары

25.11.2021

2021 жылғы қараша айында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ғалымдары – саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері жоспарға сәйкес Павлодар облысының бірқатар аудандарына жұмыс сапарымен барып қайтты. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, т.ғ.к., доцент А.Е. кәрімова Май ауданы, т.ғ.к., доценттер Б. Құдайбергенұлы Баянауыл ауданы және З. Сабданбекова Екібастұз қаласында болды.

Іс-сапар барысында аудандық жұмыс топ мүшелері үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс бағыттары бойынша оқыту семинарларын өткізіліп, тәжірибе алмасып, архив құжаттарын іздеу жұмысының ерекшеліктері талқыланды.