САЯСИ ҚҰҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
31.05.2023
Бүгін Павлодар облысы мемлекеттік архивінің ғимаратында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тағдыр тоғыстырғын. Связанные одной судьбой» атты облыстық дөңгелек үстел жұмысына АРХИВ қызметкерлері, Торайғыров университеті ғалымдарымен бірге Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары — Анар Каримова, Аймекен Сыздықова, Әлия Молдакимова, Айгүл Садықова қатысып, баяндама жасады. Ғалым-зерттеушілер саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссиясы ғылыми-зерттеу жұмыс топтарының мүшелері болып табылады. Іс-шара барысында баяндамашылар ХХ ғасырдың зұлматына тоқталып, жергілікті архив қорларында табылған құжаттар мен ауызша деректер негізінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың қилы тағдырына тоқталды. Сонымен бірге ғылыми-зерттеу нәтижелерін баяндады. Дөңгелек үстелге қатысушылар Павлодар облысы бойынша Алаш қозғалысының қатысушыларына арналған «Ұлтын оятқан Ұлы тұлғалар» атты көрмені тамашалады. Көрмеге бұрын ғылыми айналымға енбеген құжаттар қойылды.