САЯСИ ҚҰҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН АҚТАУ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕР
06.04.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары Әсел Аманова мен Аймекен Сыздықова Семей қаласының қазіргі заман тарихының құжаттамалық орталығында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмыс саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссияның қызметі аясында жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2020 жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін барлық қалаларда облыстық комиссиялар жұмыс істейбастады.
Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы - бұл Қазақстандағы ең көне мемлекеттік мұрағат, оның қорларында Павлодар Ертіс өңірінің қоғамдық-саяси және экономикалық тарихын көрсететін құжаттар бар.
Доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Әсел Аманова ғалымдар зерттеген кезеңде облысымыздың әкімшілік-аумақтық шекаралары бірнеше рет өзгергенін атап өтті.
1938 жылы Павлодар облысы құрылғанға дейін қазіргі Павлодар Ертіс өңірінің аумағы Семей облысының құрамында болды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ғалымдар мұрағат құжаттарының жинақтарын дайындауға арналған ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша көптеген фактілік материалдарды анықтады. Атап айтқанда, өңіріміздегі көтерілістер мен наразылықтар, мәжбүрлі босқындар мен күштеп ұжымдастыру құрбандары туралы мәліметтер табылды.