САЯСАТ НҰРБЕК ЖАҢАРТЫЛҒАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
06.03.2026
Кездесу барысында институт директоры Тимур Смагулов министрге негізгі ғылыми жобалар мен зерттеу бағыттарын таныстырып, жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулер мен қазбалар туралы айтып берді. Сонымен қатар, орталықтағы биоархеология, эксперименталды археология зертханасы, «UMAI» атты халықаралық мәдени мұраны сақтау зертханасы, сондай-ақ «Марғұлантану» оқу-музей кешені таныстырылды.
Университеттің археологиялық экспедициялары Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан аумақтарында ғылыми зерттеулер жүргізіп, аймақ тарихын зерттеуге айтарлықтай үлес қосып, қорларды бағалы археологиялық жәдігерлермен толықтырады.
Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы 2024–2025 жылдары институт ғимаратында жалпы құны 137 миллион теңге құрайтын кешенді ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Осы жұмыстар барысында ғимараттың тарихи келбеті толық сақталып, заманауи ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасалған.
Саясат Нұрбек орталықтың жұмысына жоғары баға беріп, Археологиялық зерттеулер институтының ғалымдарын 2026 жылғы 15–16 мамырда өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырды.




