ШАХМАТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
21.05.2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Team Kazakhstan» шахмат клубымен бірлесіп, қазақстандық ЖОО студенттері арасында шахматтан республикалық онлайн-турнир өткізді. Турнирге өнер және спорт жоғары мектебінің ФКиС-31 тобының студенті Әділбекова Еркежан қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Жарыс https://www.chess.com/club-jastalap платформасында швейцарлық рапид жүйесі бойынша өтті. Студентімізді тағы бір үлкен жеңісімен құттықтаймыз!