МU «SENAT OPEN–2026» ШАХМАТ ДОДАСЫНДА
23.02.2026
Шахмат үйінде жылдам шахматтан «Senat Open–2026» кубогының 1/8 финалы өтті. Зияткерлік додада Марғұлан университеті студенттері жақсы нәтиже көрсетті.
Жарысқа барлығы 70-ке жуық шахматшы қатысып, тартысты бәсеке өрбіді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Айдана Жақсыбаева 9 мүмкіндіктің 7 ұпайын жинап, І - орынды иеленді. Ал «Математика» білім беру бағдарламасының студенті Ақмарал Бектас 5,5 ұпаймен ІІ - орынды алды.
Студенттерімізді жоғары нәтижелерімен құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!
