Перейти к содержимому страницы.

ШАХМАТ БОЙЫНША СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

15.02.2024

Марғұлан университетінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында өтіп жатқан спартакиада ойындары жалғасуда. Кеше шахмат ойыны аяқталып, жеңімпаздар жарияланды. Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, шахматтан жаратылыстану жоғары мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды педагогика жоғары мектебі еншіледі. Ал үшінші орын әкімшілік командасына бұйырды.

Сонымен қатар, жекелей жеңімпаздардың да есімі белгілі болды. Мұнда 1-ші орынды Жасұлан Узыканов, 2-ші орынды Айбар Нүкенов, 3-ші орынды Т.Төлегенов еншіледі.

Әйелдер арасында 1-ші орынды Д.Абыкенова жеңіп алса, А.Бекишева екінші орынды, О. Козлова үшінші орынға ие болды.