«САУАТТЫ ЖАРНАМА» АКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
29.09.2022
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Сауатты жарнама» акциясының жеңімпаздары марапатталды.
Аталған акция 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде өтті.
Акцияның мақсаты – қате жазылған мәтіндерді түзету, көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің қазақ тілінде сауатты жазылуын қамтамасыз ету және азаматтардың жарнама сауаттылығын қадағалауға белсендіктерін арттыру. Сондай-ақ, ҚР Тіл туралы заңының орындалуына атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету.
Акция нәтижесі бойынша, Павлодар педагогикалық университеті әкімшілік департаменті құжат айналымы және бақылау бөлімінің мемлекеттік тіл жөніндегі маманы Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков 2-орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды.
Алдағы уақытта акция шеңберінде анықталған қателерді түзету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Ерболат Ғалымжанұлы акцияға түскі үзілісінің 20-минут уақытын ғана бөлгенін ескерсек, бұл өте жақсы нәтиже.
Бұл ретте Ерболат Ғалымжанұлының қойған мақсаты – марапат қағазы емес, тек қала ішіндегі жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тілде сауатты жазылуына аз да болса үлесін қосу болатын.