ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЫҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
03.12.2024
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор С.Қ.Ильясов және комплаенс-офицер Ш.Д.Коканов Марғұлан Университетінің шаруашылық департаментінің қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында шаруашылық департаментінің қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері айтылды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленді.
Сондай-ақ, күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, осы бағыттағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлерін түсіндірді. Сондай-ақ, университет қызметкерлерінің корпоративтік этика кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтау мәселесі айтылды.
Марғұлан Университетінің Комплаенс-қызметі 87075665379 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша жұмыс істеп тұрған айта кету керек. Онда ЖОО қызметкерлері, студенттері және басқа да тұлғалар орын алған жемқорлық әрекеттерін өздеріне ыңғайлы нысанда жеткізе алады. Яғни, құпиялылық және анонимділік шарттары толық сақталады.