САБАҚТАСТЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ: КАМИЛА САДЫКОВАҒА – 80 ЖЫЛ
12.09.2025
Марғұлан университетінде бірнеше буын студенттеріне ұстаздық еткен, тарихшы, қадірлі педагог Камила Жуматаевна Садыкованың 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Салтанатты шара «Педагогикалық сабақтастық – білім берудің тұрақты дамуының негізі» атты ғылыми конференция-дөңгелек үстел түрінде өтті.
Өз құттықтау сөзінде университет ректоры Ержан Әмірбекұлы атап өтті:
«Кейде ең қарапайым адамдар нағыз ұлы істер жасайды. Камила Жуматаевна – сондай жан. Оның адамгершілігі, қарапайымдылығы, биік моральдық мәдениеті мен рухани күші зор құрмет тудырады».
Камила Жуматаевнаны құттықтау үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Торайғыров университетінің, ИНЕУ-дің әріптестері, сондай-ақ өңірдің ғылыми қауымдастығы өкілдері келді.
Ерекше әсерлі сәттердің бірі – мерейтой иесінің алғашқы ұстазы, 90-нан асқан Ғазиза Абжанованың құттықтауы болды. Ол шәкіртіне деген мақтаныш сезімі мен ыстық ықыласқа толы жүрекжарды сөзін арнаады. Шәкірт 80 жасқа толғанда ұстазынан осындай ақжарма тілектер есту – сирек бұйыратын бақыт.
Көптеген түлектер мен әріптестерден бейнеқұттықтаулар келіп түсті. Гүл шоқтары, жылы естеліктер мен алғыс сөздер бұл күнді ерекше шаттық пен ризашылық атмосферасына бөледі.
Камила Жуматаевнаның өмірбаяны Марғұлан университетінің тарихымен тығыз байланысты. Ол оқытушыдан жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының доцентіне дейінгі жолдан өтті. 50-ден астам ғылыми еңбектің және оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Олардың қатарында «Алғашқы қауымдық қоғам тарихы», «Түркі дәуірі мәдениеті» және тарих мамандығы студенттеріне арналған басқа да еңбектері бар. Ұзақ жылдар бойы оқу-әдістемелік кеңесті басқарды, студенттердің педагогикалық тәжірибесіне жетекшілік етті, мемлекеттік емтихан комиссияларының жұмысына белсене қатысты.
Марғұлан университеті Камилa Жуматаевнаны мерейтойымен шын жүректен құттықтайды және ғылым мен білімнің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін зор мақтаныш білдіреді.