Өңірлік кеңес өкілдерінің кездесуі өтті
18.06.2021
2021 жылғы 18 маусымда Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Бексеитова Б.М. төрағалығымен "Nur Otan" партиясы жанындағы білім беру мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестің көшпелі отырысы өтті. Онда "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ үшін студенттік жатақхананың құрылыс барысы қаралды. Кездесуге "Nur Otan" партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестің мүшелері, Басқарма Төрағасы - ППУ ректоры Жилбаев Ж. О., "Заман Альянс" ЖШС директоры Вакулик А. А. қатысты.
Өңірлік кеңес мүшелері қазіргі уақытта нысан ұзақ құрылысқа жататынын, құрылыс конструкцияларының бұзылуы және іргелес аумақтың қоқыстанып жатқанын атап өтті және проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар берілді.