РЕВАКЦИНАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
14.01.2022
"Данель" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Павлодар педагогикалық университет қабырғасында ревакцинация мәселесі бойынша онлайн жиын өткізді. Шараның негізгі мақсаты- жұртшылыққа вакцина алудың маңыздылығын түсіндіру. Себебі, қазіргі таңда екпе алу — бұл вирусты тежеудің бірден бір жолы болып отыр.
Кездесу барысында университет қызметкерлері мен студенттер қауымы қонақтарға көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Қойылған сұрақтардың басым бөлігі қайтадан екпе салдыру кезеңіне қатысты болды. Сала мамандарының сөзінше вакцинаның бірінші және екінші компонентін салдырғандар үшінші рет басқа екпе салдыруы керек екендігін жеткізді. Ал, ол үшін алдыңғы екі кезеңді алғаннан кейін кемінде 6 ай уақыт өту керек.
Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда облыс бойынша 35 мыңнан астам ревакцинадан өткен. Олардың басым бөлігі мұғалімдер, медициналық қызметкерлер мен 60-жастан асқан егде адамдар.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында екпенің үш түрі бар. Спутник, Pfizer, vero cell. Үшінші мәрте екпе салдыруға барған кезде мамандардың кеңесіне жүгінген абзал. Ал, алғашқы екі компонетті алған адамдар вирус жұқтыратын болса, онда емделіп шыққаннан кейін 3 айдан соң ғана ревакцинация жасатуға болады,-дейді эпидемиологиялық-дәрігер Айзада Нұрмакина.
Ақ халаттылар ұйымластырған жиынға зум платформасы арқылы 192 адам, ал оффлайн форматта 10-нан астам алам қатысты.
Медицина мамандары жиын соңында жұртшылықты денсаулықьарына немқұрайлы қарамай, дер кезінде екпе алуға шақырды.