Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНАН II ОРЫН

23.04.2025

Бүгінгі күннің басты жаңалығына тоқталсақ:
Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада салтанатты түрде басталды. Ел көлеміндегі ірі білім сайысына қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік студенттер бас қосты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл додада жастар өз білім деңгейін сынап, кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Олимпиаданың басты мақсаты – талантты студенттерді анықтап, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру.

Биылғы байқауда Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері бақ сынаушылар қатарында.

Берік Айтпайұлының жетекшілігімен Педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенттері Аяулым Иманжапарова, Ғалы Рабиға және Айтмухамбет Томирис журналисттік репортаж дайындап жүлделі 2 орынға ие болды! Құттықтаймыз!