РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ!
12.05.2025
2025 жылғы 6 мамырда Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Марғұлан университетінің «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері — Қанапья Айнара, Қинаят Аида және Нағашыбай Ұлжай — қауымдастырылған профессор Дүзелбаева Айтолқын Болатқызының жетекшілігімен қатысып, жүлделі "III орынды" иеленді.
Бұл — студенттердің табандылығы мен үздіксіз еңбегінің, білімге деген құштарлығының, сондай-ақ білікті ғылыми жетекшінің кәсіби қолдауының жемісі.
Барлығы республикалық олимпиадаға 15 топ бақ сынаған олимпиада болашақ мамандарға мол тәжірибе мен зор шабыт сыйлады.