РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
10.04.2026
Жуырда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында «DIGITAL-ПЕДАГОГ: Интеллект, технологиялар, білім беру» атты XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадада университетіміздің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері А. Ануварбекова, А. Кулубаева, А. Ахтанова, С. Рамазан жоғары деңгейде дайындықтарын дәлелдеп, командалық есеп бойынша ІІ орынды жеңіп алды.
Командаға жетекшілік еткен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының оқытушысы Лаура Мұсатіла. Қатысушылар білім мен біліктіліктің, заманауи педагогикалық тәсілдердің үздік үлгісін көрсетті.
Бұл жетістік — табандылық пен тынымсыз еңбектің нақты нәтижесі. Жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыруларына тілектеспіз!


