РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
18.04.2025
Бүгін Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде өтіп жатқан өзге ұлт студенттері арасында «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңі аяқталып, жабылу салтанаты өтті.
Қорытынды нәтиже бойынша І орынды Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жеңіп алды. Семей медицина, Торайғыров университеттерінен келген командалар ІІ орынды иеленді. Ал ІІІ жүлделі орынды Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық, Астана халықаралық университеттері және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау оқу орыны иеленді.
Барлық командалар ерекше көрінген жұмыстары үшін жекелей бағаланып, түрлі номинация және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Топты бастап келген жетекшілерге алғыс хаттар ұсынылды.
Барша команданы жеңістерімен құттықтаймыз.