РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
30.04.2024
Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «В009-Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Оған еліміздегі 16 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Олимпиадада жеке және командалық орындар сарапқа салынды. Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің "Математика және физика" білім бағдарламасы студенттері Алпамыс Маджида (2-курс), Амангельд Айсауле (3-курс), Оңғаров Ерасыл (4-курс) университет намысын қорғап, өз білімдерін сынға салды. Олимпиада нәтижесі бойынша жеке есепте, екі тур қорытындысы бойынша "Математика және физика" білім беру бағдарламасының студенті Ерасыл Оңғаров 3 орынға ие болды.