Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

04.11.2022

2022 ж. 2-қараша күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқау 4 кезеңді қамтыды. «Термин талқы» деп аталатын бірінші кезеңде байқауға 26 қатысушы ниет білдірді. Оларға «Теrmincоm.kz» сайтындағы «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына тіркеліп, «Сауалнамалар» бөлімінде орыс тілінде ұсынылған 15 терминнің бірнеше қазақша баламасының ішінен біреуін таңдап, дауыс беру және не себептен сол нұсқаны таңдағандығын түсіндіріп, басқарманың электрондық поштасына жолдау тапсырмасы ұсынылды. «Терминдер сөйлейді» деп аталатын екінші кезеңде қатысушыларға бизнес саласындағы шеттілдік 15 термин ұсынылды; үміткер осы тізбедегі терминдерді таңдап, қазақша баламаларын, оның ғылыми анықтамаларын, этимологиясын және дереккөздерін көрсетуге тиісті болды. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталатын үшінші кезеңде үміткерлер ұяшықтардың бірін таңдай отырып, эссе жазды. «Терминтүзер» деп аталатын төртінші кезеңде байқауға қатысушылар бизнес саласында қате қолданылып жүрген терминдерді өздері анықтап, оның тізбесін беру және дұрыс баламасымен дәлелдеді.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар педагогикалық университетi әкімшілік департаменті құжат айналымы және бақылау бөлімінің мемлекеттiк тiл жөнiндегi маманы Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков жүлделі 3-орынды иеленді.

Шара соңында терминдерді қолданысқа енгізу механизмдерін жақсартуға баса назар аудару керектігі жайлы және бекітілген жаңа терминдер тек арнайы платформаларда ғана емес, БАҚ беттерінде үнемі жариялап отыру осы саланың дамуына қозғаушы күштердің бірі деген пікірлерін айтылды.